"Казатком негізгі орта мектебі" 2021 - 2022 оқу жылының талдауы » Қазатком негізгі мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қазатком негізгі орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(27552) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Казатком негізгі орта мектебі" 2021 - 2022 оқу жылының талдауы
27
июль
2022

"Казатком негізгі орта мектебі" 2021 - 2022 оқу жылының талдауы

«Казатком негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2021 – 2022 оқу жылына жасалған талдауы
Мектептің өзекті мәселесі:
Оқушыларды сындарлы оқытуға үйрету, жаңартылған білім негіздерін терең меңгерте отырып, тұлғалық үйлесімді қалыптасуын,функционалды сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігінің дамуы үшін қолайлы орта туғызу жалпыадамзаттық, ұлттық құндылықтарға негізделген білім беру.
2021 - 2022 оқу жылындағы міндеттер:
1. Оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беруде ҚР «Білім туралы заңын» «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын», ҚР Конституциясын, Білім және ғылым Министрлігінің, облыстық, аудандық білім бөлімдерінің, бұйрықтары мен қатынас хаттарын үнемі басшылыққа алу. Ел президентінің “Қазақстан – 2050” жолдауын жүзеге асыру. Мектеп жасындағы балаларды толық оқумен қамту.
2. Білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру
3.Үлгерімі төмен оқушылармен жеке жұмыс жүргізуді жетілдіру
4.5-9 – сынып аралығында «Жахандық құзіреттіліктер» таңдау курсын т.б таңдау курстарын енгізу
5. Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларға педагогикалық – психологиялық қолдау көрсету
Ұлттық құндылықтар негізінде мектептің мәдени ортасын қалыптастыру
6. «Оқуға құштар мектеп» «Дебаттар» «Өзін –өзі басқару күні» «Мектеп театры жобаларын іске асыру»
7. Мектеп пен отбасында күнделікті 20 минут кітап оқуды ұйымдастыру
8.Білім алушылардың дене дамуының мониторингісі
9.Мектепішілік жоспарға сәйкес басқарудағы, зерттеудегі іс-әрекетті толық жүзеге асыру. Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін парасаттылық және шығармашылық деңгейін көтеру, педагогикалық технологияны қолдана отырып нәтижеге бағытталған сабақ өткізу.
10. Білім сапасын көтеруді басты назарда ұстау, оқу бағдарламасы бойынша білім беруде білім стандартының талаптарын қамтамасыз ету, дарынды оқушыларды анықтау және жоспарлы түрде жұмыс жүргізу.
11.Кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу
12. Мектеп пен ата-ананың өзара байланысын ұйымдастыру
13.Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын, ағартушы – ұстаз Ы.Алтынсариннің 180 жылдығын атап өту.
14. Жастар бойындағы Қазақстандық отансүйгіштік сезімін, туған елі мен жеріне, өз халқына, тіліне, мемлекеттік рәміздеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Мектеп туралы жалпы мағлұмат:
Мектептің атауы: «Қазатком негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мектеп бейімделмеген ғимаратта орналасқан.
Мекен-жайы:Еңбекшіқазақ ауданы,Казатком ауылы,Ошақбай көшесі № 13 Б
Мектеп 2 ауысымда оқиды.
1-ауысымда оқитын оқушы саны - 63
2-ауысымда оқитын оқушы саны - 58
Жалпы оқушылар саны – 121
Оның ішінде:
Мектепалды даярлық сыныбындағы оқушы саны - 10
1-4 сыныптағы оқушылар саны - 43
Қыздардың саны-19
Ұлдар саны-24
5-9 сыныптардағы оқушылар саны 68
Қыздардың саны-31
Ұлдар саны-37
Жалпы мұғалімдердің саны- 20
Әйелдер-15
Оның жоғары білімдісі- 20
Техникалық-кәсіптік білім-0
Сапалық құрамы:
Педагог – зерттеуші – 1 Жоғары санатты: 2
педагог – сарапшы -4 бірінші санатты:4
педагог – модератор – 5 екінші санатты:1
санаты жоқ: 3
Мектептің 2021 – 2022 оқу жылына жасаған талдауы
Қазатком орталау мектебінің педагогикалық ұжымы Ел Президентінің “Қазақстан-2050” Жолдауын, “Білім туралы Заңды”, Қазақстан Республикасының “Тіл туралы” Заңын, мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөнінідегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын, ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, ҚР Білім мен ғылым министрлігінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген орта мектептің оқу бағдарламаларын басшылыққа ала отырып, 2021 - 2022 оқу жылына арналған мектепішілік жоспарын белгілеп, мектеп жасындағы балаларды оқумен толық қамтамасыз етуде, оқушылардың бос уақыттарын есепке алып, пәндік және басқа да үйірме, секцияларға тартуда, сабақта және сабақтан тыс уақытта оқу-тәрбие жұмыстарын үздіксіз жүргізіп, оқушыларды мектептен және сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының барлық түрлерімен қамтуда нысаналы жұмыстар атқарды.
2020-2021 оқу жылында жалпы 20 мұғаліммен жұмыс атқарды. Оқу жылын 20 мұғалім аяқтады. Тарификация қорытындысы бойынша мектептегі 20 мұғалім жоғары білімді мамандар.
ҚР білім беру ұйымдарында ғылым негіздерін оқыту туралы оқу жылына арналған нұсқау хаттағы пәндер бойынша ерекшеліктермен типтік оқу бағдарламасымен таныстырылып, күнтізбелік жоспарларының әдістемелік нұсқау хат және типтік оқу бағдарламасы негізінде сай болуы тексерілді. Білім жетілдіру курстарына жіберілген мұғалімдердің перспективалық жоспары құрылды. Тамыз конференциясына және пәндер бойынша аудандық семинарларға мұғалімдер толық қатысты.
Өткізілетін іс- шаралар, мұғалімдердің қажеттіглігіне қарай шебер-сынып пен коучингтерге жоспарлар құрылып, мұғалімдерге әдістемелік қолдау жүзеге асырылды.
Жаңа келген мұғалімдерге тәлімгерлер тағайындалды. Тәлемгерлер жас мамандардың қажеттілігін анықтау үшін зерттеу жұмыстарын жүргізіп, сол бойынша жоспар құрып, жұмыс жасады. «Тіл Заңын » орындау барысында «Тіл айлығына» байланысты жоспар құрылып, мерекелік іс-шаралар өткізілді. «Тіл» айлығы аясында тақта бұрышы безендіріліп, оқушылар «Тілім менің - тірегім» тақырыбына қабырға газетін шығарды. Нәтижесінде ең жақсы деген газет анықталып, шығарған сыныптарға жүлделі орындар беріліп, марапатталды. «Тіл» айлығы аясында мерекелік іс-шаралар өткізілді. Мектеп оқушылары іс-шараға белсене қатысты. Пән апталығы бойынша барлық пәндердің онкүндігі жоспарлы түрді, уақытылы өткізілді. Оқушылардың шығармашылыққа баулу үшін мәнерлеп оқу сайыстары ұйымдастырылды. Бұл сайыстарға оқушылар белсене ат салысты. Қараша айында мектепішілік өребәйге ұйымдастырылды. Аудандық өребәйгеге қатысатын оқушылар анықталды. Аудандық өребәйгеден қатысқан 9-сынып оқушысы орыс тілімен әдебиеті пәнінен ІІІ-дәрежелі диплом алды.
Бірақат мұғалімдердің мақалалары журнал мен газеттердің беттерінде жарық көрді. Сабақта формативті бағалауды қолдану практикасының тиімділігін жүйелі талдауды қамтамасыз ету үшін ӘБ жетекшісі сабақтарға қатысу жоспарын жасады. Сабақтарға қатысу қорытындысы бойынша әдістемелік бірлестік жетекшісі мен мұғалімдерге оқыту үдерісінде формативті бағалау процедураларының реттілігі мен дұрыс іске асырылуы бойынша конструктивті кері байланыс берілді.
Мектептегі білім беру қызметін талдау:

Күшті жақтары
1. Басқару саласындағы жаңашылдық
2. Педагог қызметіндегі жаңашылдық
3. Әдістемелік қызметтің тиімді ұйымдастырылуы
4. Педагог қызметкерлерге қойылатын құзіреттілік талаптардың орындалуы
5. Білім сапасының соңғы үш жылда өсуі (60,65,67%)
6. 4 деңгейлік курс, 1 үйлестірушінің бар болуы
7. Үштік одақтың жұмысы (мектеп, ата-ана. оқушы)
8. Мектептегі тәрбие бағытын дамытуға арналған жобалардың атқарылуы
Әлсіз жақтары
1. Интернет желісінің төмендегі, қолжетімсіздігі,
2. оқу орындарында және оқушының үйінде де жақсы техникалық және бағдарламалық құралдар болуы тиіс,
3. Мектепте көпбалалы отбасында тәрбиеленетін оқушылрдың басым болуы.
4. ата-аналардың балаларына оқуға қол жетімді құралдармен жеткілікті деңгейде қамта-масыз ете алмауы.
5. Мультимедиялық кабинеттердің болмауы
6. Лабараториялық кабинеттердің болмауы.

Мүмкіндіктері
1. Мектепті дамытуға, жаңашылдықпен басқаруға мүмкіндігіміз бар
2. Біліктілігін арттыру курстары арқылы (Онлайн, қашықтықтан оқыту, жаңартылған білім, робототехника т.б курстар )
3. Кәсіби байқауларға қатысып, үздік тәжірибе алмасуға, авторлық бағдарлама шығаруға мүмкіндігіміз бар
4. Құзіреттілік талаптарды орындау барысында кәсіби қызметін тиімді және кепілді атқаруға
5. Білім сапасының өсуінен мектептегі үздік, екпінді оқушыларымыздың санын арттыруға, сапалы білім беруге мүмкіндігіміз бар.
6. 4 деңгейлік курс, 1 үйлестірушінің әлеуеті арқылы мектепке жаңашылдық енгізуге, мұғалімдерді бағдарлама мазмұнымен толық таныстыруға, жаңартылған оқытуға толықтай сеніммен көшуге мұмкіндігіміз бар
7. Үштік одақтың байланысы арқылы мектепті дамытуға, қоғамдастықтың жұмысын жолға қоюға мүмкіндік бар;
8. Мектептегі тәрбие бағытын дамытуға арналған жобалар бойынша оқушылардың өзін-өзі басқару жүйесі жолға қойылады, Адамгершілік, патриоттық, салауаттылықтт.б тәрбиесі қалыптасады, мектеп дәстүрі болады Қауіпті жақтары
1. Ақпараттандырудың төмендігінен сабақта заманауи құралдарды қолдану, интернет ресурстарын тиімді пайдалана алмау қаупі болуы мүмкін;
2. мектепте спорт залдың болмауынан білім алушылардың көптеген спорттық жарыстарға өз деңгейлерінде дайындала алмауы
3.Мектепте зертханалық және мультимседиялық кабинеттер болғандықтан химия, биология және физика пәндерінің сабақтарын жоғары деңгейде өтуіне кедергі болуы.
4. Кабинеттердің жетіспеушілігінен үйірме, факультатив сабақтарының талапқа сай өтілмеуі

Сондай-ақ іс-шара жоспарымызды іске асыру үшін алдымен мектепішілік бақылау мен басшылық жұмысының әлсіз, қауіпті, мүмкіндік тұстарымызды анықтап алу мақсатында SWOT талдау жасалынды
Мектепішілік бақылау мен басшылық жұмысы бойынша SWOT талдау

Мықты жақтары
1. Мектепішілік бақылау мен басшылық жұмыс жоспары
2. Ай – сайын бақылау мен басшылық жұмыс жоспарына сәйкес тексерулер жүргізіліп, анықтамасы директор жанындағы кеңесте талқылануы
3. Лессон Стади зерттеуінің әр кезең сайын нәтижесін ББ жоспарына сәйкес нақытлау
Әлсіз жақтары
• Пән мұғалімдерінің әр түрлі болуы (мысалы: әр пән мұғалімі 1 мұғалімнен ғана)
• Бірлестік жетекшілерінің жоғарғы деңгейде жұмыс жүргізбеуі
• ББ тарапынан тексерулерге пән мұғалімдерінің аса қатты көңіл бөлмеуі
Мүмкіндіктері
• Мектепішілік бақылау мен басшылық жұмыс жоспарына сәйкес тексерулердің нәтижелі болуы
• Анықталған кемшіліктердің дер кезінде түзетуге мүмкіндіктің болуы
• Әр ай сайын жеке пәндерді және сыныптарды мониторингілеуге Қауіпті жақтары
• Педагог кадрлар мен мектеп әкімшілігіне артылатын жұмыс көлемінің ұлғаю қаупі.
• Мектепішілік басқару –басшылықтың әлсіздігінен оқу-тәрбие үрдісінің кемшіл тұстарын айқындай алмау, оны жою жолдарын қарастыруда жүйелілік болмауы мүмкін;


Болуы мүмкін қауіптерді алып тастау және анықталған мәселелерді шешу үшін шаралар:
SWOT-талдауда көрсетілген проблемаларды жою үшін ұсыныстарды басшылыққа ала отырып, нақты іс-шаралар жоспарлау қажет. Ол үшін әкімшілік лауазымдық міндеттерін бекітіп, жауапты адамадарды, орындау мерзімін белгілеуі қажет. Шараны өткізу барысы емес, нәтижеге жету басты мақсат болуы керек. Егер тек қана үдеріске назар аударып қана қойсақ, онда нәтижеге әсер еткен себептерді бірден анықтау мүмкін болмайды. Ал нәтижеге бағытталған талдау күтілетін нәтижелерден басталады. Бұл талдауда нәтиже алынбаған кезеңде оның себептері қарастырылады.
Мектептің білім беру қызметін талдау негізінде бар күшті жақтарымызды және әлсіз жақтарымызды айқын біліп отырмыз. Әлсіз және күшті жақтарын және ондағы проблеманы мектептің жылдық жұмыс жоспары арқылы логикалық ретпен анықтау үшін ең алдымен оқу жылына жасаған талдауды ескере отырып, проблемаларды шешу үшін келесі оқы жылына қажетті ұсыныстар беріліп, басым бағыттар анықталды. Осы мақсатта төмендегі ұсыныстар жасақталды:
1. Талдауда көрсетілген күшті жақтарды ескере отырып, айтылған мүмкіндіктерді жүзеге асыру
2. Мектепішілік бақылауды бір жүйеге келтіру (нақты жоспар жасау, әкімшілікке,бірлестік жетекшілеріне, тәжірибелі пән мұғалімдеріне міндеттерді нақты бөліп беру).
3. Мектептің даму жоспарын заманауи талаптарға сай жасау
4. Педагогикалық кадрлар құрамының сапасын арттыру.
5. Жаңа ереже бойынша аттестаттаудан өтетін мұғалімдердің дайындық деңгейін қатаң бақылауға алу.
6. Жаңадан келген педагогикалық кадрларды жаңартылған білім беру мазмұны бойынша курстардан өткізіп алу.
7. Төмен білім сапасын көрсеткен сыныптарға әр пән бойынша зерттеу жұмыстары жүргізіліп, мектепішілік бақылауға қою.
8. Мектеп әкімшілігі, қамқоршылық кеңес және ата-аналар комитетінің жұмыстарын тығыз байланыстыру.
9. Мұқтаж оқушыларға материалдық көмек беру жұмыстарын жандандыру.
10. ББЖМ -ға дайындық жұмысын жандандыру. Мамандықты дұрыс таңдауды, Мемлекеттік емтихан тапсыру пәндері бойынша дайындық жұмыстарын жүргізуді, соның нәтижесінде білім алушылардың техникалық кәсіптік оқу орнына грантқа түсу санын көбейту мақсатында дайындық жұмыстарын жүргізу.
11. Озат тәжірибе алмасу мақсатында аймақтық, қалалық, облыстық, республикалық семинарларға қатысу және мектебімізде өткізу, әдістемелік нұсқаулықтар және авторлық бағдарламалар құрастыруды қолға алу.
12. Мұғалімдердің өз пәндері бойынша пән олимпиадалары мен пәндік байқауларға қатысып, өз шеберліктерін арттыру.
13. Дарынды балалармен жұмысты жандандыру. Дарынды балалармен жұмыс жасайтын педагогтар мен психологтардың кәсіби дайындығын жетілдіру.
14. Мектепішілік, аймақтық, қалалық, облыстық, республикалық желілік қоғамдастықтар жұмыстарын жандандыру.
15. Күнделік.KZ білім жүйесінде жұмысты үздіксіз жүргізу.
16. Жоғары оқу орындарымен тығыз байланыс орнату арқылы ғылыми жоба жұмыстарын жандандыру.
Осы ұсыныстарды басшылыққа ала отырып, жаңа оқу жылының басым бағыттары, мақсат, міндеттері анықталды. Мектептің бір жылдық жұмыс жоспарының бағыттары бойынша жоспарлауда ең алдымен әр бағыттың жаңа оқу жылында қойылған міндеттері көрсетіледі. Міндеттер мектеп жұмысының мақсатына атқарылған жұмыстарға сәйкес талдау жасалынды.
Қорыта келгенде, мектептің ішкі ортасына талдау жасай отырып, нақты жіберген кемшіліктеріміз бен олқылықтарымызды айқын біліп отырамыз, білім беру үдерісінде орын алып жатқан проблемалардың себебін анықтадық.









Похожие публикации:

11 сентябрь 2017 Білім күні
11 сентябрь 2017 Білім күні
27 январь 2017 Мектеп туралы