«Казатком негізгі орта мектебі» КММ бойынша оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары » Қазатком негізгі мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қазатком негізгі орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(27552) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Казатком негізгі орта мектебі» КММ бойынша оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары
14
июль
2023

«Казатком негізгі орта мектебі» КММ бойынша оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары

«Казатком негізгі орта мектебі» КММ бойынша оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары
12. Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру мазмұнына өлшемшарттар:
1) білім беру ұйымының басшысымен бекітілген жұмыс оқу жоспары мен сабақтар кестелерінің болуы және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) талаптарына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелген) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына (бұдан әрі – ҮОЖ) сәйкес екендігі анықталды.
2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8424 болып тіркелген) жалпы білім беретін пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларына (бұдан әрі – ЖББ үлгілік оқу бағдарламалары) сәйкес жүзеге асырылатын оқу пәндерінің базалық мазмұны игерілген.
3) білім алушылардың таным мәселелерін шешуге және субъективті жаңа білімді меңгеруге, ұлттық дәстүрлерді, мәдениетті зерделеуге және жалпыадамзаттық құндылықтарды дарытуға бағытталған тәрбие жұмысын іске асыру;
4) білім алушылардың рухани-адамгершілік, азаматтық-патриоттық, көртөмендік-эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесін іске асыруды қамтамасыз ететін жиынтығында сабақтан тыс іс-әрекеттің әртүрлі нысандарын ұйымдастыру сабақтан тыс іс-әрекеттің әртүрлі нысандарын ұйымдастыру;
Тәрбие- қайшылықты және ұзақ үрдіс. Оның нәтижесін есепке алу күрделі мәселе. Ол үшін жобаланған және қол жеткен шынайы нәтижені салыстырып талдау қажет.
Туған жерін, халқын сүю және құрметтеу, отбасылық құндылықтарды қастерлеу, үлкенді сыйлау, кең пейілділік, бауырмалдық, ашықтық, қонақжайлылық, толеранттық – қазақ халқының діл ерекшелігі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсетілгендей, егеменді даму жылдарында барша қазақстандықтарды біріктіретін және ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар жасалды. Жолдауда бұл құндылықтар атап көрсетілген:
Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы; қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім; зайырлы қоғам және жоғары руханият; индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім; Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы; тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы; еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы. Президент сонымен қатар, жалпықазақстандық мәдениетті дамытуға жаңаша серпін беретін белсенді, білімді және дені сау азамат қалыптастыру міндетін қойды.
Патриот, білімді, дені сау, жауапты және жігерлі, инновациялық экономика жағдайында табысты қызмет ететін, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген, қазақ халқының жалпыадамзаттық құндылықтар мен мәдениетті бойына сіңірген, толерантты, дүниежүзіне танымал және мәртебелі – 2020 жылғы қазақстандық жастар осындай болады.
Қазақстан Тәуелсіздікке қол жеткізген аз уақыт ішінде әлемдік қоғамдастыққа толық құқылы және беделді мүше болды, әлемдік экономикалық және мәдени кеңістікке белсенді түрде кіріге бастады. Қазақстандық жастар жаһандану процесіне кірігуі аясында қарқынды білім беру, өзара ақпараттық және мәдени алмасудың белсенді қатысушысы болды. Қазіргі қазақстандық балаларда, жастар ортасында сапалы білім алу уәжінің өсуі, жаңа кәсіптерді және ақпараттық-коммуникативтік технологияларды меңгеруге ұмтылысы, коммуникативтілік, мәдениетаралық қарым-қатынастың артуы, әлеуметтік белсенділігін жандандыру сияқты жаңа позитивті трендтер пайда болды. Өз елінің тарихына, мәдениетіне және дәстүрлеріне, халқының мәдени мұрасына қызығушылықтарының артуы негізінде ұлттық өзіндік сананың өсуі байқалады. Жаңа қазақстандық патриотизм, азаматтық, ізгілікке бағдарланған дүниетаным қалыптасу процесі жүріп жатыр.
2023 жылы 17-қаңтарда «Отбасылық тәрбие» бағыты бойынша Менің отбасым тақырыбында ашық сынып сағаты өткізілді. 1-сынып жетекшісі Тойлыбекова Гульзира Жарылкасымоваға жүктелген еді.
Мақсаты:
1. Отбасы туралы ұғымдарды кеңейту .Отбасы мүшелерінің алатын орны туралы түсінік беру . Отбасы әр адамның Шағын Отаны. Оқушыларға әке -шеше,бауырдың қадірін түсіндіру.
2. Балалар әке-шешесінің қамқорлығына ,сүйіспеншілігіне бөленіп,олардың дәулеті мен қызығын көріп қана қоймай ,олардан адамгершілік қасиеттерін алып,жақсы қасиеттерді бойына сіңіру,жақсыдан үйреніп ,жаманнан жиренуге баулу.
3. Оқушылардың бойына ата-анаға деген сүйіспеншілікті құрмет сезімін ояту. Сыйластыққа, мейірімділікке, татулыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Сынып сағаты жас ерекшеліктеріне сай жақсы өткізілді. Білім алушылар өте жақсы көңіл күйде ашық сынып сағатына еш қысылмастан белсене қатысты. Оқушылар Біз бақытты баламыз атты ән шырқады. Оқушыларға отбасы тақырыбына байланысты түрлі жұмбақтар жасырылып ,мақал- мәтелдер айтылды. Сынып сағаты өте жақсы деңгейде өтті.
№ Сыныбы Сынып жетекші Қатысатын мұғалімдер
1 1-сынып Тойлыбекова Г.Ж. Токтаганова Г.А. Тоқтасын Т.
2 2-сынып Ашимхан С. Токтаганова Г.А.Оразимбетова А.С
3 3-сынып Багашарова С.С Нургожаева Л.Н. Джунусова Г.Б.
4 4-сынып Ашимхан С. Алиева Г.О. Аубакишева Ф.Н.
5 5 «А» сынып Оразимбетова А.С. Калдыкабакова А.А Ақалман Е.
6 5 «Ә» сынып Сарсенбаева А.Н, Джунусова Г.Б.Акбиюмов Б.Ж
7 6 «А» сынып Сабдалиева Н.С. Нургожаева Л.Н. Муканов А.Е.
8 6 «Ә» сынып Ақалман Е. Калдыкабакова А.А Сарсенбаева А.Н
9 7-сынып Акбиюмов Б.Ж. Алиева Г.О. Ибраимов М.Б.
10 8-сынып Ергожаева А.И. Багашарова С.С Утешов А.Н.
11 9«А» сынып Оразимбетова А.С. Джунусова Г.Б.Ашимхан С.
12 9 «Ә» сынып Науатбек Ш. Нургожаева Л.Н. Акбиюмов Б.Ж.
1-қыркүйек күні «Менің мектептегі алғашқы күнім» тақырыбында 1 сыныпта білім күніне арналған іс-шара өтілді.

30 қыркүйек күні – «Қарттарым – асыл қазынам» тақырыбында 2,3,4 сынып оқушыларының және сынып жетекшілерінің ұйыцмдастыруымен мерекелік концерт өткізілді. Өткізілген мерекенің мақсаты: Жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге, халқының салт-дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу. Қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын ата-апаларымыздың төл мерекесі екендігін, олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына екендігін оқушылар бойына сіңіру. Іс -шараға ауыл қарттары шақырылып, оларға мерекелік іс-шара көрсетіліп, шағын сыйлықтар берілді. Нәтижесінде, оқушылар қарттарымызды ардақтап, оларды сыйлап, қадірлеуді түсінді. Қарттарымыз үйлеріне көтеріңікі көңіл-күймен қайтты.

Қазан айының 5 күні «Ұстаз - ұлы тұлға» атты сынып сағаты өтті. Өткізген 5 «А», 9 «А» сынып жетекшісі Оразимбетова Айнур Сағатқызы. Мақсаты: оқушыларды аяулы ұстаздарын құрметтеуге, сыйлай білуге, үлгі тұта білуге тәрбиелеу. Ұстаздар меркесімен құттықтап, мерекелік жақсы көңіл-күй сыйлау. Оқушылар өлең жолдарын ұстаздарға арнады, ұстаздарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Қазан айында түнгі рейд өткізіліп отырды. Рейд кезінде түнгі сағат 23:00-ден кейін көшеде жүрген оқушылар болмады.

21 қазан «Алтын күз – 2022 жыл » іс-шарасы өтілді. Мақсаты: «Алтын күз» сайысын ұйымдастыра отырып, күз туралы білімдерін ортаға салу, сайысқа қызығушылықтарпын арттыру. Оқушылардың тапқырлығын, шеберлігін бақылау. Ұйымшылдыққа, табюиғатты сүюге тәрбиелеу. Нәтижесінде, оқушылар марапатталып, жүлделі орындарға ие болды.


28 қазан 6-9 сынып аралығында «Спорт – денсаулық кепілі» атты спорттық сайыс өтілді. Мақсаты: оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылар бойынан спортқа қызығушылықтарын арттыру.

15 желтоқсан «Жас қыран», «Жас Ұлан» ұйымдарына қабылдау салтанатты жиыны өтілді. 5 «Ә» сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Тәуелсіз елім - Қазақстан» атты іс-шара өтілді.


«Қош келдің Жаңа жыл» мерекесі 0-9 сыныптар арасында өтілді. Мерекелік іс-шара 27 мен 28 желтоқсан аралығында өтілді. Жаңа жыл мерекесі кезінде түнгі рейдтер өткізілді. Көшеде жүрген мектеп оқушылары анықталмады.

8) "Өмір қауіпсіздігінің негіздері" міндетті оқу курсын игеру
Дүниетану оқу пәнінің шеңберінде жылдық оқу жүктемесі 1 – 3 – сыныптарда 6 сағаттан 4 – сыныпта 10 сағаттан іске асырылған.
5- 9 – сыныптарда дене шынықтыру оқу курсының аясында 15 сағаттық жылдық оұқу жүктемесімен дене шынықтыру мұғалімінің оқытуымен іске асырыған.
9) "Жолда жүру ережелері" міндетті оқу курсын іске асыру;
1 – 4 – сыныптарда 6 сағаттан сынып сағаттары есебінен және сабақтан тыс уақытта сынып жетекшілері жылдық жұмыс жоспарында тақырыптары мен мерзімін көрсете отырып іске асырылған.
5- 8 – сыныптарда сыныптан тыс уақыттарда және сынып сағаты есебінен 10 сағат көлемінде жүргізіледі. Сынып журналының жеке бетінде сабақтың тақырыбымен сабақты өткізілген күні көрсетіліп жазылған.
4) 4,9-сыныптардың білім алушыларымен күтілетін оқу нәтижелеріне қол жеткізуін айқындау және тиісті білім деңгейінің мемлекеттік жалпы білім беру стандартының талаптарында көзделген білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру бойынша оқыту нәтижелерін бағалау.
Компьютерлік тестілеудің қорытындысы бойынша барлық тестіленетін бағыттар бойынша оң жауаптардың үлесі 65 - 84 %-ға дейін құрады.
Білім беру ұйымының өзін-өзі бағалау нәтижелері
Тиісті бейіні бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжаты бар педагогтердің үлесі.
2022-2023 оқу жылында мектебімізде 22 мұғалім жұмыс жасайды. Мұғалімдердің барлығының жоғары педагогикалық білімі бар. Тиісті бейіні бойынша жоғары педагогикалық білімі бар педагогтердің үлесі 100 %. Бағалау бойынша 5 балл.
Біліктілік санатының деңгейін бес жылда бір реттен сиретпей арттырған/растаған педагогтердің (оның ішінде басшылардың үш жылда бір реттен сиретпей) үлесі.
2022-2023 оқу жылында мектебімізде 1 мұғалім бірінші санатқа, 2 мұғалім екінші санатты, 1 мұғалім педагог-зерттеуші, 4 мұғалім педагог- сарапшы, 6 мұғалім педагог-модератор. Біліктілік санатының деңгейін бес жылда бір реттен сиретпей арттырған педагогтердің үлесі 95 %. Бағалау бойынша 4 балл.
Үш жылда бір реттен сиретпей (оның ішінде басшы, басшы орынбасарларының) біліктілігін арттыру курстарынан өткен педагогтердің үлесі.
2022-2023 оқу жылында мектебімізде біліктілігін арттыру курстарынан өткен мұғалімдер саны -16. Біліктілігін арттыру курстарынан өткен педагогтердің үлесі 80 %. Бағалау бойынша 3 балл.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30721 тіркелген) сәйкес негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын жоғары және бірінші санатты педагогтердің, педагог-сарапшылардың, педагог-зерттеушілердің, педагог-шеберлердің бастауыш білім беру деңгейіндегі педагогтердің жалпы санынан үлесі.
2022-2023 оқу жылында мектебімізде 1 мұғалім бірінші санат, 2 мұғалім екінші санатты, 1 мұғалім педагог-зерттеуші, 4 мұғалім педагог- сарапшы, 6 мұғалім педагог-модератор. Жоғары және бірінші санатты педагогтердің, педагог-сарапшылардың, педагог-зерттеушілердің, педагог-шеберлердің бастауыш білім беру деңгейіндегі педагогтердің жалпы санынан үлесі
27%. Бағалау бойынша 3 балл.
Зияткерлік олимпиадалар мен конкурстарға қатысу нәтижелері.
2022-2023 оқу жылында мектебімізде «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығымен ұйымдастырылған «Кенгуру-математика барлығы үшін» интелектуалды ойын-конкурсына 2,8,9 –сынып оқушылары қатысты. Нәтижесінде 2-сыныптан Сәкеұлы Нұрмухамад пен Жұмақын Таңат 2- дәрежелі дипломмен, Сламбек Жұлдыз 3-дәрежелі дипломмен марапатталды. Пән мұғалімі Токтаганова Гулшат. 9 «Ә» сынып оқушысы Игібай Фатима 2- дәрежелі дипломмен, ал Алтынбек Оразай 3-дәрежелі дипломмен марапатталды. Пән мұғалімі Науатбек Ш. 9 «А» сынып оқушысы Өміржан Кәусар 2- дәрежелі дипломмен, ал Абсемед Аяжан мен 7-cынып оқушысы Ерқасымұлы Ерасыл 3-дәрежелі дипломмен марапатталды. 9 «А» сынып оқушысы Бердеш Саян қатысқаны үшін сертификат алды. Пән мұғалімі Ақалман Ерқасым.
«Дарын» орталығы мен «ZERDELI» ақыл-ой дамыту орталығымен ұйымдастырылған «Алтын сақа» математикалық олимпиадаға 6 сынып оқушылар Умержан Нұрмухаммед пен Мұратбек Бекзат қатысты. Пән мұғалімі Ақалмен Ерқасымға жүктелді. Нәтижесінде аудандық кезеңге өтіп, қатысты.
Пәндік олимпиаданың аудандық кезеңде 7-сынып оқушысы Дауренқызы бағымай физика пәнінен ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы жалпы білім беретін мектептерге арналған «Ақбота» зияткерлік олимпиадасындағы оқушыларымыз жетістіктері:
1-дережелі диплом алғандар:
1-сынып оқушылары Ербосын Айғаным, Тулен Айнәзік;
3-сынып оқушысы Әлімжан Айсұлтан;
5-сынып оқушылары Ділмұратқызы Алтынай, Қалияр Режеп, Нурғожаева Мөлдір.
6-сынып оқушылары Умержан Нұрмухаммед, Ершат Ақерке.
7-сынып оқушысы Дәуренқызы Бағымай.
8-сынып оқушысы Ерқасымұлы Ерасыл
2-дережелі диплом алғандар:
4-сынып оқушылары Ерқасымұлы Бекарыс, Жұматай Адина
5-сынып оқушысы Тлеумбетов ;
7-сынып оқушысы Дәуренқызы Бағымай.
8-сынып оқушысы Ерқасымұлы Ерасыл
3-дережелі диплом алғандар:
1-сынып оқушысы Қалибек Бекзат.
8-сынып оқушысы Өміржан Ләйлә
26 қазан күні «Дарын» орталығы мен «ZERDELI» ақыл-ой дамыту орталығымен ұйымдастырылған «Алтын сақа» математикалық олимпиадаға 3-4 сынып оқушылар қатысты. Нәтижесінде 3-cынып оқушысы Тілеубет әмірхан мен 4- сынып оқушысы Жұматай Адина аудандық кезеңге өтіп, қатысты. Халықаралық немесе республикалық зияткерлік олимпиадалар мен конкурстар жеңімпаздарының, жүлдегерлерінің үлесі жалпы білім алушылар контингентінен 2 % - 3 % асады. Сондықтан uzdik деп бағаланады.
Спорттық, шығармашылық және мәдени конкурстарға, жарыстарға, фестивальдер мен байқауларға қатысу нәтижелері.
2022-2023 оқу жылында мектебімізде аймақтық, аудандық жарыстарда мектеп оқушылары жүлделі орындарға ие болды. Өңірлік спорттық, мәдени, шығармашылық іс-шаралардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің үлесі жалпы білім алушылар контингентінен 7 % кем емес. Сондықтан zhaqsy деп бағаланады.